» » » Поурочный план урока по казахской литературе для 8 класса с казахским языком обучения на тему Міржақып Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі

Поурочный план урока по казахской литературе для 8 класса с казахским языком обучения на тему Міржақып Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі


Сіздердің назарларыңызға 8 – сыныпқа арналған Міржақып Дулатұлының «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі бойынша cабақ жоспарын ұсынып отырмын.
Поурочный план урока по казахской литературе для 8 класса с казахским языком обучения на тему Міржақып Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі.
 Сабақтың мақсаты:
а) біліміділік: оқушыларды Міржақып Дулатұлының  өмірі және шығармашылығымен жан – жақты таныстыру.
ә) дамытушылық: ой – өрісін, ойлау белсенділігін дамыту, шығармашылыққа баулу.
б) тәрбиелік: оқушыларды ананы қадірлеуге, ананың еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, бекіту, қорытындылау, бағалау.
Сабақтың көрнекілігі: бейнелі суреттер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, сынып ұжымымен жұмыс.
Сабақтың барысы:
I.  Ұйымдастыру 
а) Оқушылармен сәлемдесу;
 ә) Сыныпты түгендеу. 
II. Үй тапсырмасын сұрау.
а) Баян мен Ноянның бойындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды сұрау;
ә) Абылай ханға берілген мінездемені оқыту.
б) Жекелеген оқушыларға Мағжан өмірі жөнінен тест тапсырмалары.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
а) Міржақыптың өмірі және шығармашылығы жөнінде әңгімелеу;
ә) Поэзия минуты;
б) Үш қатарға арнайы үш түрлі тапсырма.
1 – қатарға: ана жайында мақал – мәтел айту.
1. Анаға баланың алалығы жоқ.
 
2. Анасын сүйгеннің баласын сүй.
3. Анасын көріп қызын ал,
Аяғын көріп асын іш.
4. Ананың сүті – бал,
Баланың тілі – бал.
5. Аналы баланың  өзі тоқ,
Анасыз баланың көзі тоқ.
6. Әкесіз жетім – жартылай жетім,
Анасыз жетім – бүтін жетім.
7. Ананың алақаны балаға айдынды қоныс.
8. Ақ жаулығы ананың – 
Ақ көрпесі баланың.
9. Ажалды ана жеңеді,
Ана жеңбесе, бала жеңеді.
10. Ана алақанының аясы –
Ақ шынардың саясы және т.б.
2 – қатарға: ел жадында өзінің даналығымен, кемеңгерлігімен есте қалған аналар жөнінде әңгімелеу.
1.Тұмар патшайым
2.Зарина сұлу
3.Айша бибі
4.Домалақ ана
5.Зере
6.Ұлжан
7.Айғаным
8.Қарашаш сұлу
9.Данагүл
10.Бегім ана және т.б.
3 – қатарға: ана жайында өлең құрастыру.
IV. Сабақты қорытындылау. 
V.Бағалау.
Үйге тапсырма: Міржақып Дулатұлының өмір жолымен танысу, «Шешенің балаларын сүюі» өлеңін жаттау және өз аналары жөнінде «Менің анам» тақырыбында шығарма жазып келу. 
 
Автор: Бектурған Айнур Бақытжанқызы, учитель казахского языка и литературы «Жалаулинская средняя школа» КГУ Село Жалаулы
 
Автор: Бектурған Айнур Бақытжанқызы




Добавить комментарий
| Комментариев к новости "Поурочный план урока по казахской литературе для 8 класса с казахским языком обучения на тему Міржақып Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі" уже 0:

Читайте также
Добавить комментарий:
Введите код с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив