Конспект урока на тему "Азайту. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы"
Сабақтың тақырыбы:
Азайту. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға рационал сандарды азайту, координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу.
жөнінде білім алу.
Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекке баулу.
Көрнекілік:
Үлесітрме материалдар. Картотека №
Сабақтың типі:
Жаңа материалды оқыту.
Сабақтың түрі:
Теориялық білім беру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушыларды түгендеу.
ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.
II. Жаңа материалдарды игеру кезеңіне дайындық
Жаңа материалдың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
III . Жаңа материалдарды игеру кезеңі:
Азайту қосынды мен белгілі қосылғыш бойынша екінші (белгсіз) қосылғышты табу амалы.
b+x=a; x=b-a;
Таңертең ауаның температурасы -20С болды, ал түсте
+50С-қа ,болды. Ауаның температурасы неше градусқа өзгереді?
Шешуі: 50С-(-20С) немесе 5-(-2)=5+2=7, яғни +70С.
Анықтама: Бір саннаң екінші азайту үшін аайғышқа азайтқышқа қарама-қарсы санды қосу керек.
a-b=a+(-b).
Таңбалары әр түрлі сандарды азайту:
a-(-b)=a+b
-a-(+b)= -a-b=-a+(-b)
Оқулықтағы 123 беттегі кестедегі есептерді қарастыру:
Мысал есептер көрсету:
Анықтама: Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек.
Координаталық түзудегі кесінділерді сызып мысалдар арқылы көрсету:
IV Жаңа материалды оқушылардың игеру деңгейін анықтау:
·Рационал сандарды азайту ережесі.
·Таңбалары әр түлі сандарды азайту, таңбалары қандай сандарды қосумен бірдей?
·Таңбалары бірдей сандар қалай азайтылады ?
·Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы қалай табылады?
I.Жаңа материалды: № 487,№488,№489,№490,№491,№492 есептерін шығару арқылы бекіту.
№ 487,№488 есептерін ауызша шығару.
VI. Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі.
1) Үйге №493 -№496.
2) Сабақты қортындылау.